20 Апр 2026, Пн

ЖІБЕК ЖОЛЫ АУДАНЫНДА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ АТАП ӨТІЛДІ

Жібек жолы ауданында Наурыз мейрамы аясында тағылымы мол, мәні терең іс-шаралар легі өтті. Биылғы мерекенің ерекшелігі — мейрам бір уақытта ауданның бірнеше нүктесінде қатар тойланып, ұлықталды. Мерекелік жиын барысында ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып, өңірдің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.