20 Апр 2026, Пн

ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫҢ РУХЫ ЖАҢҒЫРДЫ

Бүгін Тараз қаласында 20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай командалық «Жеті сайыс» жарысы ұйымдастырылды. Дәстүрлі ойындарды дәріптеуге бағытталған додаға аудан және қалалық мектептер мен колледж студенттері қатысып, өзара бақ сынасты. Жалпы саны 10 команда қатысқан жарыста Тараз, Шу және Меркі өңірлерінен келген үміткерлер белсенділік танытты.