Бүгін Қызылорда қаласында «Алтын алаша – күміс кілем» атты республикалық қолөнершілер фестивалі өтті. Ауқымды мәдени шараны Қолөнер «URSHYK» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Фестиваль ұлттық қолөнерді дәріптеп, алаша мен кілем тоқу өнерінің тарихи маңызын насихаттауға бағытталған.

