21 Апр 2026, Вт

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМНАН АЛЫНҒАН ҚАРУЛАРДЫ ЖОЙДЫ

Қызылорда облысында заңсыз айналымнан алынған қару-жарақты жою акциясы өтті. Шара барысында азаматтардан тәркіленген, ерікті түрде тапсырылған және тауып алынған қарулар арнайы комиссияның бақылауымен есептен шығарылды.