Отбасы – мемлекеттің тірегі, ал әке – сол шаңырақтың асқар тауы. №9 орта мектепте өткен «Әке өнегесі — ұлт болашағы» форумында отбасылық құндылықтар мен ұрпақ тәрбиесі басты назарда болды. «Адал азамат» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған жиынға құқық қорғау органдары, соғыс ардагерлері мен дін өкілдері қатысып, әке мен бала арасындағы рухани байланысты нығайту мәселелерін талқылады.

