Конституциялық реформаның басым бағыттары бүгін облыстық мәслихатта да кеңінен талқыланды. Мәслихат төрағасының қатысуымен өткен жиынға депутаттар, қоғам белсенділері мен зиялы қауым өкілдері жиналды. Басқосудың басты мақсаты — жаңа Ата Заң жобасының мәні мен маңызын халық қалаулылары арқылы қалың бұқараға түсіндіру.

