20 Апр 2026, Пн

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ БАЛАЛАРЫ БАҚ СЫНАДЫ

Гарнизондық офицерлер үйінде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілерінің балалары арасында шахмат турнирі өтті. Шара «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызметі және Тараз қаласы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен ұйымдастырылды. Турнирдің басты мақсаты – балалардың логикалық және стратегиялық ойлау қабілетін дамыту, сондай-ақ шахматты спорт түрі ретінде дәріптеу.