20 Апр 2026, Пн

МЕРЕЙЛІ БАСЫЛЫМНЫҢ ОТЫЗ ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ

Тараз – тарихтың алтын діңгегі, ал оның әрбір тынысын хатқа түсіріп, облыс шежіресін өрген «Жамбыл-Тараз» газеті – сол тарихтың жанды дауысы. Биыл іргетасы қаланғанына тура отыз жыл толған мерейлі басылым өз тойын Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Уақытпен үндескен сөз шежіресі» атты салтанатты кешпен қорытындылады. Бұл жай ғана мереке емес, бұл – үш онжылдық бойы ақпарат майданында тер төккен қаламгерлер мен адал оқырмандардың рухани қауышуы болды.