Интернет-алаяқтық қылмыстың ең кең таралған түрлерінің бірі болып қала беруде. Қылмыскерлер азаматтардың тез әрі жеңіл табысқа ұмтылуын белсенді пайдаланып, оларды түрлі алаяқтық схемаларға тартуда. Осындай қылмыстардың алдын алу мақсатында Жамбыл облысы Полиция департаменті барлық бағыттар бойынша профилактикалық жұмысты күшейтті.

