Әскердегі Ашық есік күні – сарбаздардың ата-аналарына арналған шара. Қорғаныс министрінің бастамасымен өткен ауқымды акция өткен сенбі күні еліміздің Қарулы Күштерінің барлық әскери бөлімдерінде бір мезгілде ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – тек кездесуге мүмкіндік беру ғана емес, сонымен қатар сарбаздардың қандай жағдайда өмір сүріп, қызмет атқарып жатқанын көрсету. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдеріне жүздеген ата-ана келіп, ұлдарының сенімді қолда екеніне көз жеткізді.

