Әскер қатарында мемлекеттік тілдің аясы кеңеймек. Тараз қаласында арнайы әскери қызметшілерге арналған жаңа оқулықтың таныстырылымы өтті. Бұл құрал сарбаздар мен офицерлердің бұйрықтарды сауатты беруіне және құжаттарды қазақ тілінде жүргізуіне септігін тигізеді. Тұсаукесер рәсімі Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімінде ұйымдастырылды.

