Жібек жолы ауданының әкімі жаңа Конституция жобасы аясында білім беру саласының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Конституция жобасының негізгі бағыттары түсіндіріліп, оның білім саласына, педагогтардың құқықтары мен міндеттеріне, сондай-ақ қоғамдағы әділдік пен заң үстемдігін нығайтуға тигізер ықпалы кеңінен айтылды.

