Күні кеше облыс әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдің зиялы қауым өкілдерімен арнайы кездесу өткізді. Маңызды басқосу еліміздегі саяси реформалар мен Ата Заңға енгізілетін жаңашылдықтарды талқылау мақсатында ұйымдастырылды. Кездесу барысында қоғам белсенділері мен зиялы қауым өкілдері жаңа өзгерістерге қатысты пікірлерін ортаға салды.

