Тараз қаласында түрлі салада еңбек етіп жүрген белсенді жастарға ерекше құрмет көрсетілді. Салтанатты жиынға қала әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова, қоғамдық ұйым өкілдері, сала мамандары, белсенді жастар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

