Тараз қаласындағы Достық үйінде қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, лирик ақын Күләш Ахметованы еске алуға арналған «Поэзияның ақ гүлі» атты әдеби-лирикалық кеш өтті. Рухани шара қаламгердің бай шығармашылық мұрасын насихаттауды, жас ұрпаққа поэзияның қадір-қасиетін танытуды мақсат етті.

