21 Апр 2026, Вт

ҮЕҰ МЕН МЕМЛЕКЕТ АРАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК

Жамбыл облысы әкімдігінде үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды күшейтуге арналған кеңес отырысы өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов төрағалық етіп, мемлекеттік әлеуметтік сатып алу тетігі мен ҮЕҰ-мен бірлескен жұмыстың өзекті мәселелері талқыланды. Күн тәртібінде облыстық және аудандық деңгейде үкіметтік емес ұйымдармен атқарылып жатқан жұмыстардың барысы, жоспарланған міндеттердің орындалуы және алдағы кезеңге арналған бағыттар қаралды.