Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Сарысу ауданының тұрғындарымен жүздесті. Кездесу Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес аудандық мәдениет үйінде өтті. Басқосуда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен өтініш-тілектері тыңдалды.

