Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Сәрсенбекұлы әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде енгізілген негізгі өзгерістерге арналған брифинг өткізді. Басқарма басшысы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде медициналық көмектің бірыңғай пакеті қалыптасып, сақтандыруға негізделген денсаулық сақтау моделіне кезең-кезеңімен көшу жүзеге асып жатқанын атап өтті.

