Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер ауылында заманауи спорттық-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында бой көтерген нысан енді ауыл жастарының кәсіби спортпен айналысуына жол ашпақ. Салтанатты шараға аудан әкімі, спорт ардагерлері мен жергілікті тұрғындар қатысты.

