Қорғаныс министрлігі жыл сайын дәстүрлі түрде өткізетін «Әскер Тарланы» байқауы биыл да ең үздік әскери мамандардың есімін анықтады. Бұл дода – өз ісінің хас шеберлері мен нағыз кәсіби мамандар бас қосатын беделді байқау. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы, Тараз гарнизонының жеке құрамы үлкен қуаныш пен мақтанышқа кенеліп отыр. Олардың қаруласы, сержант Ернұр Тәңірберген радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлерінің ең үздік маманы атағын иеленді. Ернұр Тәңірбергеннің бұл жетістігі – тек бір сарбаздың жеңісі емес, бұл бүкіл гарнизонның абыройы. Оның кәсіби шеберлігі мен әскери антқа адалдығы көпке үлгі.

