Ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Өйткені, ауыз су – адамдардың өмір сапасына тікелей әсер ететін маңызды фактор. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен жүзеге асырылған жоба аясында бүгін Байзақ ауданы, Сазтерек ауылдық округіне қарасты Жаңасаз ауылының тұрғындары таза ауыз сумен қамтылды.

