9 Май 2026, Сб

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МЕН ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Күні кеше Тараз қалалық мәслихатының депутаттық фракция отырысы өтті. Отырысқа фракция құрамындағы 18 депутаттың басым бөлігі қатысып, кворум қамтамасыз етілді. Жиынның күн тәртібінде бірнеше өзекті мәселе қаралды. Соның бірі Тараз қаласында құқық бұзушылықтың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі болды.