Күні кеше «Тараз қаласы Жібек жолы ауданы әкімі аппараты», Тараз қаласының прокуратурасы және Мансап орталығының ұйымдастыруымен «Мүмкіндіктер алаңы – жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту» атты бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жұмысшы мамандықтар жылы» бастамасын қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – Тараз қаласы тұрғындары мен жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту, NEET санатындағы жастар үлесін қысқарту және оларды еңбек нарығына тарту болды.

