21 Апр 2026, Вт

«ЖАМБЫЛ» БОКС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ РЕСМИ АШЫЛУЫ

Қазақ боксының қара шаңырағы саналатын Жамбыл өңірінде спорт саласы үшін айрықша тарихи сәт орын алды. Күні кеше Тараз қаласында жаңа буын чемпиондарды тәрбиелейтін, барлық заманауи талаптарға сай салынған «Жамбыл» бокс орталығы ашылды. Орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, облыстық бокс федерациясының президенті Серік Сәлемов, Қазақстандық бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп, сондай-ақ облыстық спорт басқармасының басшысы Ернар Ибраимов, еңбек сіңірген жаттықтырушылар мен спорт ардагерлері арнайы қатысты.