15 Ноя 2026, Вс

ӨРКЕНИЕТТЕР ТОҒЫСЫНДАҒЫ ТАРИХИ МҰРАЛАР

Тараз қаласында бүгін «Өркениеттер тоғысындағы – Талас: тарих, таным, тағылым» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға Қазақстаннан бөлек Түркия, Қырғызстан және басқа да елдерден танымал ғалымдар қатысты.