Қызылордада 10–11 сынып оқушылары арасында дәстүрлі «CP Open Cup ІІІ – 2025» спорттық бағдарламалау олимпиадасы өтті. Шараны «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының облыстық филиалы, «GRAND Master» бағдарламалау мектебі және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті бірлесе ұйымдастырды. Биыл үшінші рет өткізілген олимпиаданың мақсаты – жастардың IT саласына қызығушылығын арттырып, алгоритмдік ойлау қабілетін дамыту.

