21 Апр 2026, Вт

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ

Күні кеше қалалық мәслихаттың кезектен тыс 44-сессиясы өтті. Жиынға мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев төрағалық етті. Күн тәртібінде бірқатар әлеуметтік, мәдени, салық және ономастика салаларына қатысты маңызды мәселелер қаралып, депутаттар тарапынан қолдау тапты. Сессия жұмысына қала әкімінің орынбасары, кәсіпкерлер палатасының өкілдері, мемлекеттік кірістер басқармасы, аумақтық комиссия басшылары және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.