Елімізде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жалғасуда. 25 қарашадан бастап, 10 желтоқсанға дейін республика аумағында маңызы зор акция басталады. Бұл — «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-әрекет» атты халықаралық науқан. Акцияның басты мақсаты – отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғам назарын зорлық-зомбылық мәселесіне аудару және жәбірленушілерге тиімді көмек көрсету жүйесін қалыптастыру.
Ақпараттық порталы

