15 Ноя 2026, Вс

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Жамбыл облысында «Заңмен қорғалатын таза аймақ» атты экологиялық акция өтті. Іс-шара өңірде қоршаған ортаны қорғау талаптарының сақталуын нығайту және экологиялық құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Акция халық көп шоғырланатын орындар мен ірі жоғары оқу орындарының бірінде табиғат қорғау прокурорларының бастамасымен, сондай-ақ экологтар, жергілікті атқарушы органдар және еріктілердің қатысуымен өткізілді.