21 Апр 2026, Вт

КЕНТАУЛЫҚ 14 ЖАСАР АЙСУ ТАЛПЫНЫСЫМЕН ТӘНТІ ЕТТІ

Кентау қаласында ерекше жігерімен көпке үлгі болып жүрген қыз бар. Ол — 14 жасар Айсу Ахмет, мүмкіндігі шектеулі болса да, арманынан бас тартпаған қайсар қыз. Айсу сурет салуды ұнатады, ән айтуға да құмар, әрі компьютер тілін терең меңгеріп келеді. Болашақта бағдарламашы болуды армандайтын ол төзімділігімен талайға өнеге көрсетіп жүр.