Кентау қаласында ерекше тағдыр иесі — Нышанкүл Кенжебекова есімді әже тұрады. Ол өмір жолын хатқа түсіріп, өз бастан кешкенін кітап етіп жазған. Сонымен қатар, халыққа арналған бірнеше ән жинағын жарыққа шығарған. Нышанкүл әженің еңбегі талай жанға үлгі болып отыр.
