Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің өңір жұртшылығымен ауқымды кездесуі өтті. Басқосудың негізгі тақырыбы — конституциялық реформаның мазмұны мен алдағы жалпыұлттық референдум. Өңір басшысы елдің саяси жүйесінде қандай өзгерістер болатынын және олардың әрбір қазақстандықтың өміріне қалай әсер ететінін түсіндірді. Бүгін Достық үйінде ардагерлер, азаматтық белсенділер, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен жастар жиналды. Жиында сөз сөйлеген Ербол Қарашөкеев қазіргі реформалар қоғам сұранысына берілген жауап екенін атап өтті.

