Тараз төрінде референдум комиссияларының мүшелері мен сайлау процесіне қатысушылар бас қосты. 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды ұйымдастыру аясында облыс орталығында ауқымды оқыту-семинары өтті. Ы. Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінде жиналғандар Орталық референдум комиссиясының №6/15 қаулысын орындау барысын талқылады.

