15 Ноя 2026, Вс

ӨҢІРДІҢ ДАМУЫ БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ ЖИЫН ӨТТІ

Облыс әкімдігінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру барысын түсіндіруге арналған актив отырысы өтті. Жиын барысында аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны, қоғамдық тұрақтылықты сақтау шаралары және елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды реформалардың іске асырылу барысы кеңінен талқыланды.