15 Ноя 2026, Вс

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Тараз қалалық Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Кеңейтілген отырыс қаланың маңызды мәселесі – көгалдандыру, абаттандыру және сәулеттік келбетін көркейту жұмыстарының жай-күйіне арналды. Кеңес мүшелері, мемлекеттік органдар және қоғам өкілдері қатысқан жиында осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесі мен өзекті түйткілдері талқыланды. Сонымен қатар, кеңес барысында қоғамдық жұмысқа белсене араласып, қаланың дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтар жоғары деңгейдегі марапаттарға ие болды.