21 Апр 2026, Вт

ӨҢІРДЕГІ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ МЕН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев және «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының  төралқа төрағасы Қанат Шарлапаевтың Қызылорда облысының кәсіпкерлерімен кездесуі өтті. Оған бизнес өкілдері, облыстық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің мүшелері, салалық басқармалар мен мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының басшылары қатысып, өңірдегі кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері талқыланды.