Өңір кәсіпкерлерінің «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Қанат Шарлапаевпен және облыс әкімі Ербол Қарашөкеевпен кеңейтілген кездесуі өтті.Кездесудің басты мақсаты – бизнестің дамуына кедергі келтіріп отырған мәселелерді ашық талқылап, инвесторлардың құқықтарын қорғау тетіктерін нақтылау.Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев билік пен бизнес арасындағы жүйелі өзара іс-қимыл өңір экономикасының тұрақты дамуының негізгі кепілі екенін атап өтті.

