Таразда ұрпақтар сабақтастығын дәріптейтін келелі жиын өтті. «Желтоқсан 86» ғимаратында бас қосқан Ауған соғысы мен Желтоқсан көтерілісінің ардагерлері өскелең ұрпақпен жүздесті. Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына орайластырылған шарада тарихтың ащы сабақтары мен тәуелсіздіктің қадірі сөз болды. Толығырақ әріптесім тарқатады.

