20 Апр 2026, Пн

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Бір сәттік эмоция — өмірлік өкініш. Тараздық прокурорлар жастарды осы қауіптен сақтандыруға көшті. «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясындағы бұл кездесудің салмағы бөлек. Мұнда құрғақ заң баптары емес, темір тордың ар жағын көргендердің ащы шындығы айтылады. Мақсат — жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттыру арқылы қылмыстың алдын алу.