Тараз қаласында Бауыржан Момышұлы атындағы 5-ші механикаландырылған бригада мен оған аттас әскери мектеп-интернат арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл – Отан қорғаушылардың екі буынын тоғыстырған маңызды қадам. Құжатқа қол қою күні жас ұландар үшін әскери бөлімге алғашқы танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

