Қаракемер ауылдық округіне қарасты «Молдасейіт атындағы №2 балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ауыл тұрғындары мен спортқа әуес жастар үшін мазмұнды кездесу өтті. Оған ел намысын халықаралық және әлемдік ареналарда қорғап жүрген бокстан Азия чемпионы Бақтияр Тілегенов пен әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов қатысты.

