Мерзімді әскери қызметтегі жас сарбаздардың ортаға тез бейімделуіне ықпал ететін басты факторлардың бірі – жаңа ортадан дос табу. Ал әскер қатарына туған бауырыңмен бірге келу – бейімделу кезеңін екі есе жеңілдетеді. Ақтөбелік ағайынды Төремұратовтар да осы жолды таңдады. Олар жаңа ортаға тез үйреніп кетті, себебі қасында сенімді тірегі бар. Тараз қаласындағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының байланыс полкінде қызмет етіп жатқан егіздерді қазір бәрі таниды, бірақ әлі де ажырата алмайтындар көп.

