22 Апр 2026, Ср

ЖО ПД БАСТЫҒЫ САРЫСУ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Қайсар Сұлтанбаев Сарысу аудандық  Мәдениет үйінде жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесуге аудан әкімі мен ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауыл ақсақалдары, қоғам белсенділері, жастар және өзге де әр түрлі сала өкілдері қатысты. Полиция генералымен жүздесуге өңірдің 500-ден астам тұрғыны жиналды. Тұрғындар құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.