Бүгін Оқушылар сарайында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Сұлулықтың сыры – әйелде!» атты салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік кешті қалалық білім бөлімі мен Оқушылар сарайы» ұйымдастырды. Шараға қалалық білім бөліміне қарасты 70 мектептің, 39 бөбекжайдың және бірнеше мектептен тыс мекемелердің қызметкерлері, сондай-ақ білім саласының ардагерлері мен ұстаздары қатысты. Құрметті қонақтар қатарында облыстық білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршыбеков және қаладағы білім саласының басшылары болды.

