Меркі ауданы, Ақермен ауылының тұрғыны Нұртас Смағұл 2023 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 пайыздық жеңілдетілген мөлшерлемемен 7,5 млн теңге несие алып, мал бордақылау кәсібін бастаған. Ол несие қаражатына алғашында 10 бас бұқа мен 40 бас қой сатып алып, ата кәсіппен айналысуға бел буған.

