15 Ноя 2026, Вс

ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР КҮНІ ӨТТІ

Қызылордада «Қызмет алушылар күні» жобасы аясында тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі түсіндірілді. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті ұйымдастырды. Кездесудің басты мақсаты – халық пен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтып, қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділігін арттыру.