Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев студенттермен кездесті. Дәріс барысында конституциялық реформалар аясындағы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері кеңінен талқыланды. Омбудсмен жастарға халықаралық құқықтық стандарттар, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері және Ұлттық алдын алу механизмі туралы ақпарат берді.
Ақпараттық порталы

