15 Ноя 2026, Вс

ТҮРКСІБ АЛАБЫНДАҒЫ ТҮЙТКІЛДЕР ШЕШІЛУДЕ

Тараз қаласындағы Жібек жолы ауданына қарасты Түрксіб алабының тұрғындары көптен бері көтеріп жүрген сұрақтарын жауапты мамандарға тікелей жеткізді. Аудан әкімдігі ұйымдастырған кездесуде ауыз су жүйесіне қосылу, су есептеуіш құралдарын алу және оларды орнату тәртібі түсіндірілді. Басқосуға Жібек жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова, «Жамбыл су» мекемесінің өкілдері және коммуналдық сала мамандары қатысты.