Бүгін облыс әкімінің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес отырысы өтті. Жиында аймақ үшін маңызды бірқатар мәселелер талқыланды. Оның ішінде тұрмыстық қатты қалдықтар орналастыруға арналған полигондардың жай-күйі мен жазғы шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары пысықталды. Бүгінде Жамбыл облысы аумағында қалдықтарды төгуге арналған 163 полигон жұмыс істейді. Онда жиналған тұрмыстық қатты қалдықтардың жалпы көлемі 3 миллион 222 мың тоннадан асқан. Облыс тұрғындарының 97 пайызы қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметімен қамтылып отыр. Толығырақ арна тілшісі жалғасын.

