21 Апр 2026, Вт

ТУБЕРКУЛЕЗ АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

Туберкулез – ежелден келе жатқан қабынбалы өкпе мен лимфа түйіндерінде пайда болатын  жұқпалы аурулардың және  әлемде көп таралған инфекциялардың бірі. Бұл тек қана өкпе ауруы ғана емес, сонымен қатар адамның барлық ағзасының – сүйек, бүйрек, ми мен мидың қабығы, тері, көз бен басқа  да ағзалар зақымдалады. Дегенмен, өкпе туберкулезі жиі кездеседі. Туберкулездің алдын алу үшін қайтпек керек? Мамандар не дейді?